Елена Темникова Алматыда Яндекс.Музыка жазылушыларына концерт қояды

Яндекс.Музыканың Қазақстандағы жазылушылары Елена Темникованың Алматыдағы арнайы концертіне қатыса алады. Шақыру алу үшін Живая Яндекс.Музыка жобасының сайтында шараға алғашқы 500 адамның бірі болып тіркелу керек.

Елена Темникованың әндері кербез электронды дыбысы мен сыршыл лирикасы арқылы жақсы танымал. Яндекс.Музыка мәліметіне қарағанда, Алматыдағы тыңдармандардың талғамы бойынша бұл әнші Сия мен The Weeknd-ті артқа тастап, топ-20 музыканттың қатарына кіреді. Жуырда Елена «TEMNIKOVA III: Не модные» атты жаңа альбомы туралы хабарландырған еді, сондықтан концертте оның таныс әндерімен қатар, су жаңа шығармалары да орындалуы мүмкін. Көрермендер әлемде сәнге айналған тенденцияларға сай келетін үлкен шоуды тамашалайды: сапалы дыбыс, музыка жарықшамдары, динамикалы қойылымдар және бірегей хореография (Елена Темникованың командасында ТНТ-дағы «Танцы» шоуының хореографы Екатерина Решетникова мен шоудың екінші маусымының жеңімпазы Максим Нестерович бар).

«Живая Яндекс.Музыка жобасының алғашқы концерттері – мысалы, Фред Дёрсттың диджей-сеті немесе Иван Дорнның өнер көрсетуі шағын ұжымдарға арналған кештер болды. «Самое большое простое число» тобы болса, тіпті бір адамға арнап өнер көрсетті. Біз былтыр да бірнеше шара өткіздік, атап айтқанда, Минскіде Anacondaz тобының концертін ұйымдастырдық және Нижний Новгородқа «Кастаны» апардық, енді жазылушыларымызды Елена Темникованың Алматыдағы концертіне шақырып отырмыз. Біз түрлі елдегі Яндекс.Музыканың белсенді тыңдарманы көп қалаларда бұдан кейін де концерттер ұйымдастырмақпыз», — дейді Яндекс.Музыка жетекшісі Андрей Гевак жоба туралы.

Елена Темникованың концерті 14 мамыр күні Алматының ірі сахналарының бірінде өтеді. Өтініш қабылдау 23 сәуірде сағат 16:00-де басталды. Тіркелу Живая Яндекс.Музыка сайтында 11 мамыр күні сағат 13:00-де басталып, концертке екі сағат қалғанда немесе орындар таусылған кезде аяқталады. Тіркеу басталарда хабарлама алу үшін шараның парақшасына қазірден бастап, өтініш қалдыруға болады.