Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Жол ережесін бұзып, оны әлеуметтік желіге жариялаған Алматы тұрғыны жазаланды

Фото: Ерқанат Аманкел

Не болды?

Сағатына 200 шақырым жылдамдықпен көлік айдап, жол қозғалысы ережесін бұзып, оны әлеуметтік желіге жариялаған Алматы тұрғыны жазаланды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Алматы полиция департаментінің мәліметі бойынша, Toyota автокөлігінің жүргізушісі әдейі жоғары жылдамдықпен көлік айдап, оны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. Полиция бұл әрекетті әлеуметтік желіде мониориң жүргізу кезінде анықтады. Сонымен қатар көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі көлік салонында болған, яғни құқық бұзушы нөмірді көлікке тақпай жолға шыққан. Құқық бұзушы – Алматы қаласының тұрғыны, 20 жаста.

 Жүргізуші көлік құралын мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз басқарып, көлікке жарық пен сигнал беру құрылғысын заңсыз орнатқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Өрескел құқық бұзушылықты әлеуметтік желіде «контентке» айналдыруға болмайды, — дейді полиция.

Контекст

Естеріңізге салайық, Астанада жол ережесін бұзған көліктерді ақылы эвакуациялау жүйесі енді. 

Мақалаға реакция