1. Google Goggles

Объектілерді камера құрылғысы арқылы іздеңіз. Google Goggles қосымшасын қосып, объективке кітап, сурерт, тауардың қаптамасын немесе QR-кодын қойып, ақпаратты іздеу жүйесінен табыңыз.

Қосымшаны мына сілтемеден таба аласыз.

2. Androidify

Androidify қосымшасы арқылы Андроидтерді, яғни өзіңізге ұқсас достарыңызды таба аласыз. Дайын суреттер стикер немесе анимацияланған бейне ретінде сақталады. Оларды чаттарда, жазбаларда, СМС-терде бөлісуге болады.

Androidify қосымшасын мына сілтемеден таба аласыз.

3. Toontastic 3D

Бұл қосымшаның көмегімен телефонмен немесе планшетпен мультфильмдер жасауға болады. Оның көмегімен дайын кейіпкерлерді немесе өзіңіздің қиялыңыздан туған қаһармандардың оқиғасын құрастырыңыз. Локацияны да өзіңіз жасай аласыз. Туындыңызды галереяға сақтауға болады.

Қосымшаға сілтеме мұнда.

4. Стрит-арт

Жұмыс үстеліне түрлі түсті беретін қарапайым қосымша. Google Art Project суретшілері циферблаттардың коллекциясын жасап шықты. Сіз оларды қалағаныңызша қолданып, автоматты түрде өзгерте аласыз.

Стрит-арт қосымшасын мына сілтемеден табасыз.

5. Snapseed

Қосымша — 30-дан артық фильтр, құралдары бар кәсіби фоторедактор. JPG және DNG форматындағы суреттермен жұмыс істей алады. Мүмкіндіктері: суреттің белгіленген аймақтарын автоматты түрде жақсартады; сурет шетін қараңғылата алады; керек емес деталдарды өшіріп тастайды: жарық қосады, т.б. эффектілермен әрлей алады.

Snapseed қосымшасына сілтеме мұнда.

6. YouTube Гейминг

Қосымша видео ойындар фанаттарына арналған. YouTube желісінің барлық контенттерін жинақтаған: мұнда жаңа ойындардың трейлерінен бастап, олардың летсплейлеріне дейін бар. Қосымшадан тікелей трансляцияларды да тамашалауға болады. Олардан хабарлама автоматты түрде келіп отырады.

Қосымшаны мына сілтемеге өтіп, көре аласыз.

7. Балаларға арналған YouTube

YouTube желісінің балаларға қатысты «мәселесін» осы қосымша арқылы шешуге болады. Бұл қосымша балаларға көрсетілуге рұқсат етілмейтін роликтерден «өтіп» кетіп отырады. Мұнда бүлдіршіндерге арналған танымдық, ойын-сауықтық роликтер жинақталған. Сондай-ақ «ата-ана бақылауы» функциясы да бар.

Қосымшаны мына сілтемеден таба аласыз.

8. YouTube шығармашылық студиясы

Қосымша каналыңызды мобилді құрылғы арқылы басқаруға ыңғайлы. Мұнда статистиканы бақылап отыруға, жазылушылардың белсенділігін тексеруге, пікірлерді сараптауға, видеолардың белгілерін өзгертуге болады.

Қосымша мына сілтемеде.

9. Google Arts & Culture

Әлем мәдениеті телефоныңызда. Google Arts & Culture қосымшасы арқылы әлемнің ең үлкен мұражайларына саяхат жасап, ең танымал көрмелерді зерттей аласыз. Мұнда экспонаттардың коллекциясын жинай аласыз. Камераны тақату арқылы экспонатты анықтауға да болады.

Google Arts & Culture қосымшасы мына сілтемеде.

10. Сенімді контактілер

Қосымша жақындарыңызға Сіздің қай жерде екеніңіз туралы жылдам хабарлама жібере алады. Сондай-ақ олардың қайда жүргенін біле аласыз. Егер сұралымға бірнеше минут ішінде жауап берілмесе, сақталған соңғы мекенжайды анықтап береді. Анықтау үшін желіде болудың да қажеті жоқ.

Қосымшаны мына сілтемеге өтіп таба аласыз.