Ұсыналған фильмдер мен телешоулардың көбі саған таныс болуы ғажап емес. Егер солай болса, тіптен жақсы. Туындының негізгі идеясын білесің, түпнұсқадан оны оңай түсіне аласың.
Америкалық ағылшын тіліндегі сериалдар мен фильмдер
1. Forrest Gump
- Драма, мелодрама.
- АҚШ, 1994 жыл.
- Ұзақтығы: 142 минут.
- IMDb: 8,8.
Мейірімді, алаңғасар Форрестің бастан кешкен оқиғаларын баяндайтын фильм. Басты рөлдегі Том Хэнкс өте баяу сөйлейді. Сол себепті оның америкалық ағылшынын оңай ести аласыз. Сондай-ақ картина АҚШ-тың ХХ ғасырдағы тарихы мен мәдениетіне экскурс жасайды.
2. The Social Network
- Драма, биография.
- АҚШ, 2010 жыл.
- Ұзақтығы: 120 минут.
- IMDb: 7,7.
Facebook желісінің құрылу тарихына негізделген фильм қызықты ғана емес, тіл үйренушілер үшін лайықты туындының бірі. The Social Network студенттер арасында кеңінен қолданылатын заманауи америкалық сленгтерге толы, сондай-ақ мұнда техникалық терминдер де аз емес.
3. Pulp Fiction
- Триллер, комедия, криминал.
- АҚШ, 1994 жыл.
- Ұзақтығы: 154 минут.
- IMDb: 8,9.
Режиссер Тарантиноның фильмдері жарқын диалогтарға толы. Соның бір үлгісі — Pulp Fiction фильмі. Бірнеше новелладан құрылған фильм америкалық ауыз екі тілді меңгеруге жақсы жаттықтырушы бола алады деген сенімдеміз.
4. The Lion Кing
- Мультфильм, мюзикл, драма.
- АҚШ, 1994 год.
- Длительность: 88 минут.
- IMDb: 8,5.
Егер кинолардың түпнұсқасын қабылдау қиын болса, мультфильмдермен жаттығу да -оңтайлы тәсіл. Disney студиясының классикалық картиналарында қарапайым лексика қолданылады. Олардың көбін америкалық актерлер дыбыстаған. Тіл үйрену үшін «Арыстан патшасынан» бастаңыз болады.
Мультфильмді көре отырып мынаны байқай аласыз: Жағымсыз кейіпкер Шрам еуропалық акцентпен сөйлейді. Америкалық туындылардың көбінде жағымсыз кейіпкерлер британ акцентін қолданады.
5. Friends
- Комедия, мелодрама.
- АҚШ, 1994–2004 жылдар.
- Ұзақтығы: 10 маусым.
- IMDb: 8,9.
Ең танымал, бірнеше маусымнан тұратын «Friends» — түсіну үшін оңай әрі қабылдауға жеңіл туынды. Өте қарапайым тілде сөйлесетін достардың оқиғасына қызығып қалай 10 маусымды бітіріп тастағаныңызды аңғармай қалуыңыз да мүмкін.
Британдық ағылшын тіліндегі сериалдар мен фильмдер
1. The King’s Speech
- Драма, биография.
- Ұлыбритания, АҚШ, Австралия, 2010 жыл.
- Ұзақтығы: 118 минут.
- IMDb: 8,0.
Фильм сюжеті тұтығып сөйлейтін британ монархы Георг VI бастан кешкендеріне негізделген. Кино картина дұрыс сөйлеуге, екпіндерді қоюға ерекше мән береді. Бұл — тіл үйренушілер үшін нағыз қажет туындының бірі.
2. Harry Potter
- Фэнтези, шытырман оқиға.
- Ұлыбритания, АҚШ, 2001–2011 жылдар.
- Ұзақтығы: 8 бөлім.
Кейіпкерлердің басым бөлігі — Англияның тұрғындары. Соған сай олардың тілдері британдық ағылшын екені түсінікті. Фильм тілі бөлімдер бойынша қиындап отырады. Гарри Поттердің оқиғасы осылайша британ ауыз екі тілінің жақсы нұсқаулық болмақ. Шығарманың аудиокітабын тауып алып, тыңдасаң да болады.
2. Four Weddings and a Funeral
- Драма, мелодрама, комедия.
- Ұлыбритания, 1993 жыл.
- Ұзақтығы: 117 минут.
- IMDb: 8,1.
Фильмнің басты рөлін британдық Хью Грант сомдайды. Көпшілік оның акцентін үлгілі деп есептейді. Ал оның серіктесі Энди Макдауэлл — американ. Бұл фильм екі нұсқадағы ағылшынның өзгешеліктерін ажыратуға көмекші болмақ.
3. My Fairy Lady
- Драма, мелодрама, мюзикл.
- АҚШ, 1964 жыл.
- Ұзақтығы: 165 минут.
- IMDb: 7,9.
Тіл мәдениетінің танымдық тарихына үлгі болатын фильмнің бірі. Майталман лингвист бәске отырады. Ол кедейлердің ортасынан шыққан, сауатсыз қызды жоғары таптың ледилеріндей сөйлетуі керек. Қызға жаңа сөздерді үйренуге, акценттерді меңгеруге жарты жыл уақыт беріледі.
4. I like a clocks
- Мульттоптама, танымдық.
- Ұлыбритания, 1986 жыл.
- Ұзақтығы: 1 маусым.
- IMDb: 7,6.
Балалар үшін таптырмас танымдық мульттоптама. Кейіпкер «Маззи» ағылшын тілін үйренгісі келеді. Ол өте тұнық әрі ақырын сөйлейді. Туынды ересектер үшін де пайдалы болмақ.
5. Extra English
- Комедия, танымдық.
- Ұлыбритания, 2002–2004 жылдар.
- Ұзақтығы: 1 маусым.
- IMDb: 7,4.
Бұл сериал да арнайы тіл үйренушілер үшін түсірілген. Ол тілдің әртүрлі нюанстарына мән беруге көмектеседі. Алайда туынды ересек аудиторияға бағытталған. Сюжет бойынша, аргентиналық Англияға келеді. Басты кейіпкер ағылшын тілін төмен деңгейде біледі. Соның себебінен түрлі күлкілі жағдайларға тап болады.
5. Шерлок
- Триллер, драма, криминал.
- Ұлыбритания, АҚШ, 2010 жыл — қазіргі уақыт.
- Ұзақтығы: 4 маусым.
- IMDb: 9,2.
Шытырман оқиғаларға арқау фильмнен қазіргі британ акцентін ести аласыз. Талантты актерлер Шерлок Холмс пен дәрігер Уотсон сөздердің айтылуына байланысты жақсы сабақ жүргізе алады. Бірақ оңайға соқпайтынын да ескертеміз.