Жамбыл облысында полицей суға батып бара жатқан 4 жасар қызды құтқарып қалды

Оқиға ағымдағы жылдың 27 сәуірінде кешкі уақытта Мойынқұм аудандық орталығында, полиция қызметкері ішкі істер бөлімінің ғимаратына жақындаған кезде орын алған. Жақын орналасқан терең арнаның қасынан өтіп бара жатқан ол «Жүз! Жүз!» деп қатты айқайлап жатқан дауыстарын естіп қалды.

Арнаның қасына жүгіріп келгенде, ол суға тұншығып, батып бара жатқан кішкентай қызды көріп қалды. Полиция майоры көп ойланбастан суға секіріп, бүлдіршінді жағаға алып шықты.

Жамбыл облысында полицей суға батып бара жатқан 4 жасар қызды құтқарып қалды

«Жедел жәрдем» қызметін күтпестен, алғашқы медициналық көмек көрсете бастаған. Қыз бала одан кейін есін жиды. Бала шұғыл түрде аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Қазіргі кезде кәмелет жасқа жетпеген Томирис ем алу үшін балалар бөліміне ауыстырылды, оның денсаулығына еш қауіп жоқ.

Аталған оқиғаны тексеру кезінде ойнап жүрген қыз бала арнаға абайсызда құлап кеткені анықталды. Кішкентай Томиристің ата-анасы полиция майоры Талғат Кодековқа қызының өмірін құтқарғаны үшін шексіз алғысын білдірді.

ДереккөзҚазАқпарат