Мәулен Әшімбаев: Мектептегі тамақтану мәселесін бақылауға аламыз

«Бизнес және мемлекеттік органдармен, мектептердегі тамақтану сапасын арттыру мәселесін талқыға салдық. Бұл мәселе қоғамда жиі талқыға салынатынын білеміз. Барлық мектепте тамақтану стандарттары тиісті дәрежеде жүзеге асырылмайды. Біздің балаларымыз барлық жерде пайдалы және сапалы аспен тамақтана бермейді. Сондықтан бұл мәселені «Нұр Отан» партиясы өз бақылауына алады», — деді Мәулен Әшімбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, партия «Атамекен» ҰКП, Білім және ғылым министрлігімен, әкімдіктермен бірлесіп, тиісті шараны қолға алуды жоспарлап отыр. Бұл жұмыстар мектептерді тамақтану сапасын аттыруға мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, бүгін Мәулен Әшімбаев Қазақстан мектептерінде 1 мыңнан астам IT-сынып ашуды жоспарлап отырғанын мәлімдеген болатын.

Дереккөзbaq.kz