«Балдәурен – 2018» атты шығармашылық байқауының ақтық кезеңі өтті

Дәстүрге айналған шара осымен алтыншы мәрте ұйымдастырылып отыр. Талдықорған қаласы әкімінің жүлдесіне арналған жас таланттар бәсекесі – бүлдіршіндердің жаңа қырынан танылып, өнерлерін шыңдауға мүмкіндік береді.

«Балдәурен» 6 жыл ішінде балалардың өнер өлкесінде жарқырай көрінуіне жол ашты», — дейді ұйымдастырушылар. Биылғы байқауға 100 үміткер ұсыныстарын берген. Олардың 43 үміткері оза шауып, ақтық кезеңге жолдама алып отыр. Концертте Талдықорған қаласының мектеп жасына дейінгі балабақша тәрбиеленушілері, орта мектептердің бастауыш сынып оқушылары және алыс-жақын аудан өнерпаздары қатысты.