Алматы соты

“Алма Телекоммуникейшнс Қазақстан” компаниясының KASE сайтында жарияланған хабарламасына қарағанда, аресті жеке сот орындаушысы салған.

Азаттық компанияға қаржысы мен мүлкінің бұғатталу себебіне қатысты сауал жолдады. Ал жергілікті ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, арест мүлік құқығын бұзу дауына байланысты салынған болуы мүмкін. Бұған дейін Алматының экономикалық сотында компанияға қарсы арыз қаралып, қалалық сотта апелляциялық шағым қаралған.

Сот актілері базасындағы мәлімет бойынша, былтырғы жылдың соңында Қазақстанның зияткерлік меншік құқығын басқару қоғамы “Алма Телекоммуникейшнс Казахстан” компаниясынан 2 миллиард 180 миллион 388 мың теңге өтемақы өндіріп алу туралы арыз түсірген.

Алғашқы сот инстанциясы шағымды қанағаттандырмаған. Бұдан соң арызданушы сот шешіміне шағымданған. Алматы қалалық сотының әкімшілік істер бойынша сот алқасы “Алма Телекоммуникейшнс Казахстан” WebContent компаниясына тиесілі “жеке мүлік құқығын бұзды” деп тапқан.

Осыған байланысты апелляциялық сот бұл іс бойынша алғашқы инстанция сотының шешімін жойып, “Алма Телекоммуникейшнс Казахстан” компаниясынан “Қазақстанның интеллектуалдық меншік құқығын басқару қоғамы” республикалық қоғамдық бірлестігінің пайдасына 2 миллиард 180 миллион 388 мың теңге көлемінде өтемақы өндіріп алу туралы шешім шығарған.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!

Пікір қосу