Басты бет / Жаңалықтар /
Протон Байқоңыр

Ресей протон қалдықтарын тастау үшін Ақтөбе облысынан жер сұрап отыр

Ресей Байқоңырдан ұшырылған зымырантасығыш қалдықтары құлайтын аумақты Ақтөбе мен Солтүстік Қазақстан облысы жерінен беруді қолқалап жүр. Мәжіліс депутаттары енді ғана жұмысқа алған құжатты қарауға барлық мамандар тартылады деп отыр.

«Ішінде Ақтөбе облысы болу керек. Жақсылап тұрып қараймыз. Ресейдің ұсынысын қарайық, бізге беріп жатқан қаржы көлемін, біздің экологияға әсерін қарайық», — деді мәжіліс депутаты Мәулен Әшімбаев.

Ғарышқа ұшарда «Протон» зымырантасығышына 500 тонна гептил отыны толтырылады. Оның бөлініп, жерге құлайтын бөлшегінде 10-30 тонна отын жанбай қалады.

Гептил — мутагендік әсері бар улы зат. Қазақстанда 47 аймаққа зымыран қалдықтары түсетін болса, соның 39-ы Қарағанды облысында. Ақтоғай ауданы жерінің 37%-ы, Шет ауданының 93%-ы, Жаңаарқаның 37%-ы, Ұлытау жерінің 74%-ы  гептилмен ластанған.

Былтыр киіктердің жаппай қырылуына да осы улы отын әсер етті деген болжам болған.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook

Мақалаға пікір қосыңыз

27 Пікір

  1. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    куадыма не бизге мусор тастайтын жер мекен
  2. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    карамай-ак карсылық білдіру қажет
  3. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    ресейдің жер көлемі қазақстанның жер көлемінен өте көп. өлсе қазақ өле берсін демек пе сонда
  4. G
    GGG 10 жыл бұрын
    мысыктары дәретке отыру ушинде жер сурайтын шыгар.
  5. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    бара-бара ким боп барамыз сонда,
  6. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    жогарыда отыргандар халыкты ойламаса да,оз урпактарын ойламай ма екен...
  7. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Гептил улы зат екенін біле тұра,Қарағанды облысының жартысы гептилмен ластанғанын мойындай отыра үкімет Ресейге тағыда жер бермек пе?Бұл сонда не болғаны?Ақылға қонбайтын нәрсе ғой бұл.Жерімізді ластатып,ертеңгі дүниеге келер ұрпақтың мутант болып тууына үкімет өз ықтиярымен рұхсат бермек пе?
  8. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    БЕЙШАРА ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР! ӨЗ ЖЕРЛЕРІНЕ ИЕЛІК ЖАСАЙ АЛМАЙТЫН БОЛҒАНБА? БАСЫНДЫРЫП АЛҒАНЫМЫЗБА СОНДА ӨЗІМІЗДІ, ЖЕРІМІЗДІ.. ШЕТТЕН ШЫҚҚЫНДЫҚҚОЙ МЫНАУ. БІЗДІҢ АТА-БАБАМЫЗ ОСЫЛАЙ ЖЕРЛЕРІН САТСЫН ДЕП ҚАН ТӨКТІМЕ СОНДА??? БАЙКОНУРДАН ҮМІТТЕРІҢДІ ҮЗІҢДЕР ҚАЗАҚТАР! РЕСЕЙ ЕШҚАШАН БЕРМЕЙДІ ЕНДІ ОЛ ЖЕРІМІЗДІ, ӨТЕ ӨКІНІШТІ! РЕСЕЙЛІКТЕРДІҢ БҰЛ ЖОЛҒЫ ҚОЛҚАСЫНА ОҢ ЖАУАП БЕРСЕ, РАСЫМЕНДЕ БІЗДЕ ӨЗ ЖЕРІМІЗГЕ БИЛІК ЖОҚ ДЕГЕН СӨЗ.
  9. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Ақша ушін не істемейді биліктегілер! Бақоңырдыда қазақтар орыстарға арендаға берген! Ал қазір сол қазақтың жері деп аталама? Жоқ!!! Ойткені орыстар иемденіп алған! Өлседе бермейді! Ал енді жерлерді шет елдіктерге берсе тағы солардың иелігінде қалады! Сорлы қазақ бір куні қыздарыңды матпасаңдар болды шет елдерге
  10. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Қайран қазақтың жері.Ата бабамыздың мұрасы. Ұстаған ның қолында. Тістегеннің аузында кеттің ау.Совет өкіметінің кезінде де бұндай болмаған шығар ????
  11. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Үкіметтің келешегі Қазақ жерінде емес сияқты. Олардың болашағы әлдеқашан шет елде.
  12. Қ
    Қазақ111 10 жыл бұрын
    Қазақпыз ғо...Еш қашан еш кімге берілмейміз!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
  13. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Біздің қазақ ақша десе естери кетеди
  14. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Оның несін қарайды халықтың қамын ойласа қайтеді биліктегілер
  15. А
    Ақбаян 10 жыл бұрын
    Сөйтіп бара-бара Қазақ елін жоқ қылады ғо бұлар. Мына Президент қайда қарап отыр? Халқының қамын ойламайма? Несіне Елбасы болып отыр?
  16. А
    Ақбаян 10 жыл бұрын
    Аманатқа қиянат жасаған үлкен күнә!
  17. А
    Ақбаян 10 жыл бұрын
    Ресейдің жері кең емеспе! Өз-өзіне сыймайма? Тек қазақтар аңқау, ақымақ деп қазақ жеріне зиянын келтіре бере ме., Путин де жалмауыз ғо тек өзінің халқы жері түгел болса болды оған
  18. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    тек акшадан басканы ойламайтын болып барады жеримиз халкымыз дейтин азаматтын болмаганы ма? Эхх аттен не шара, тындалмаган соз жетим деген осы да бунын да бир жазасы бар шыгар...
  19. Ж
    Жан 10 жыл бұрын
    Каспидің ар жағынын солтүстігімізге әлі кунге дейін "ЧЕРНОБЫЛЬдан" келіп жаткан улы нарселер аз еді, енді жер сурайды екен бізден,канша ТРИЛИОН доллар толесе де егер адамдар кырылып жатса не кылыады ол акшаны!!! Арал мәселесі одан калса алі кунге дейін Семейдегі жеріміз мәз емес, осы күрделі мәселелердің катарына Балқаш та қосылуда соңғы жылдары яғни айта берсе бітпейтін тізім. Қандай жұмыс істемесін басшы не қарапайым шаруа егер елім және осы жерде ұрпағым тұрады кейін деп ойласаңыздар ойланыңыздар сәл де болса. Бізге яғни шекарамызға жакын емес алыстау жерден олардан сұрасақ жер қандай жауап берер еді олар соны ойладыңыздар ма?! Бірең сараң емес бәріміз бірігіп осындай мәселелердің шешілуіне себепші болсақ бұдан асқан байлық жоқ - келешек ұрпағымыз біздің нағыз қазынамыз...
  20. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    актобеге келсе коттерин аирамыз
    1. А
      Анон 10 жыл бұрын
      Қызылорда да қарап қалмас
  21. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    ресейдің ракетасы ол ресей жеріне көмілу керек
  22. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    қайран ҚАЗАҒЫМАЙ , жерімай.......
  23. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    НЕГЕ РЕСЕЙЛІКТЕР ӨЗ ЖЕРІНЕ КӨМБЕЙДІ ?????????????????
  24. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Қазақ жерін қорғай алмаса не болғаны билік басындағылар қайда қарап отыр,орыстар аман-сау ал қазақтар ауру болуы керек пе екен жер үшін көтеріліске шығу керек .
  25. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    өз жерлері тұрғанда неге біздің жерге қалдықтарын тастауы керек? Қажет болса өз жерлеріне тастасын. бізі ақымақ көреді ме? біз неге жерімізді ластауына жол беріп қарап отыруымыз керек? онсызда жерімізді сатқалы жатыр. Аңқауланып қазақтар баринен айрылатын болды ғой. жерін сатат одан кейн елін сатат бара бара ештеме де қалмайды
  26. Н
    Нұржан 10 жыл бұрын
    тастай берсін