Атырауда алғаш рет веложарыс өтеді

Шараға «Астана» велокомандасы мүшелері, велоспорттан олимпиада чемпиондары Александр Винокуров пен Зульфия Забирова, ауыр атлетикадан әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Илья Ильин және атыраулық 1000-ға жуық велоспортсүйер қауым қатысады деп жоспарланып отыр.

Аталған қоғамдық қордың өкілі Таңат Нұршиннің айтуынша, велоспорт бөлімінде 10-16 жас аралығындағы 80 спортшы дәріс алмақ.

«Сатылымнан түскен ақшалай қаражат олимпиадалық резервтегі балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің велоспорт бөлімін спорттық жабдықтармен қамтуға жұмсалады. Велоспорт бөлімінде 10 мен 16 жас аралығындағы 80-ге жуық спортшы дәріс алады», — дейді Таңат Нұршин.

Айта кетейік, веложарысқа тіркелу басталды.

ДереккөзEgemen.kz