Кореялық азамат қазақ тілін үйрену үшін не керектігін айтты

«Қазақ пен корей халқының арасында ұқсастықтар өте көп. Жасы үлкенді сыйлау, үлкендері дастархан басына келмей, кішілері дәм алмайтыны бізде де бар. Сондай-ақ, екі ел халқы да ән-биді жақсы көреді»,  — дейді Ши Мон Сон.

«Ел Тәуелсіздігі үшін әркез тәубе етемін», — деген ниетін білдірген корей ұлтының өкілі  қазақ халқын егемендіктің 25 жылдығы мерейтойымен құттықтады.

«Қазақ тілін Ақтөбедегі тіл дамыту орталығында  7 ай бойы үйрендім. Тілді үйрену үшін ең алдымен ынта, ықылас қажет. Онсыз өзге тілді меңгеру мүмкін емес. Қазақ тілін білуім, тұрып жатқан еліме деген құрметімді білдіреді».

Ши Мон Сон сондай-ақ, қосымша ағылшын, орыс, жапон тілдерін біледі.