Теле және радиоарналар
©euroradio.fm

«Арналарды өшіру 18 сәуір күні Астана уақытымен сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін жүзеге асырылады» – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, компания келтірген мәлімет бойынша, жоспарлы алдын алу жұмыстарын жүзеге асыру барысында қандай да болсын мемлекеттік және коммерциялық телеарналарды қосу мүмкін болмайды.

Алдын алу жұмыстарының басталу уақыты күнделікті таратылатын барлық бағдарлама сеткасының аяқталуымен байланысты. Көптеген телеарналардың орташа тәуліктік хабар тарату уақыты 20 сағатты құрайды. Рaдиобайланыс саласында тәулік бойы жұмыс істейтін радиостанцияларды қоспағанда, телевизиялық және радиокомпаниялар тарапынан хaбaр тaрaтудың жылдық көлемін құрaстырған кезде, aлдын-алу жұмыстарына арналған уaқыт есепке aлынады. Жабдықты жөндеу және алдын ала тексеру оның барлық кезең ішінде үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Алдын-алу жұмыстарының ұзақтығы кешкі сағат 17:00-ге дейін жүргізілу себебі барлық технологиялық жабдықта жұмыс істеу үшін күндізгі уақытты пайдалану қажеттілігімен, сондай-ақ антенналық-діңгектік құрылғыларда (АДҚ) орналасқан антенналық-фидер құрылғыларының (АФҚ) жай-күйін тексеру қажеттілігімен байланысты. Сондықтан, биік ғимараттарда жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау үшін күндізгі уақытты пайдалану қажет.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!

Пікір қосу