Disney-дің жаңа фильміне қазақстандық каскадерлер түседі

Nomad Stunts каскадерлар тобының жетекшісі Жайдарбек Күнғожинов ФБ-дағы парақшасында hollywoodreporter.com жаңалығын жариялады. Онда танымал Дисней мультфильмінің киноадаптациясы 2018 жылдан 2020 жылға шегерілгені көрсетілген.

«Мулан» (Mulan) — 1998 жылдың 19 маусымында Walt Disney Pictures студиясы жарыққа шығарған толықметражды мультипликациялық фильмі. Бұл студияның шығарған 36-шы толықметражды мультипликациялық фильмі саналады. Фильмде Хуа Мулань — әскерге қатысқан әйел туралы орта ғасырдағы Қытай балладасы бейнеленген.

Дереккөзkazinform.kz