Басты бетЖаңалықтарОралда өткен...

Оралда өткен зияткерлік алаңда жастар жоспарларымен бөлісті

Ашық форматта өткізілген зияткерлік алаңға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғ.Оспанқұлов, спикерлер мен сарапшы мамандар, бастамашыл жастар қатысты.

Шараның алғашқы спикері экономика ғылымдарының докторы, профессор, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының басты бағыттарын және жаңа бастамалардың іске асырылуына атсалысып жүрген кәсіпкер Лилия Мергалиева білім беру ісімен қоса бизнесті алып жүрудің қыр-сырымен бөлісті.

Алаңның жас, әрі креативті спикері «Болашақ» Халықаралық бағдарламасы бойынша Нью-Йорк кино академиясының түлегі Бақыт Қадер «Болашақ» бағдарламасының жастарға берілген зор мүмкіндік екенін айтып, жетістікке жетуге табандылық пен жаңашылдықтың қажет екендігін байқатып, болашақ жоспарларын алға тартты.

Орал қаласындағы бүгінгі таңда қала жастарының көше биіне деген қызығушылығы үлкен. Танымал «Urban Style» би қозғалысының жетекшісі Асан Саматовтың айтуынша, Асан Орал қаласында «break» би түрін мейілінше дамытып, жастарды салауатты өмір салтына жетелегісі келетін пікірін айтты. Ал, дәстүрлі және заманауи өнерді ұштастырып жүрген Данияр Рахметжанов «DIDI RECORDS» дыбыс жазу студиясында көптеген жастарға демеу беріп, соңғы хит парадтағы «07 Аймақ», «Самая вышка» секілді көптеген хит әндерді жазған.

29 жасар Асхат Рамазановтың бизнес саласында жеткен жетістігі мен тәжірибесі өте көп. айтары да көп. «Fiesta» дүкендер желісін өз қаржысына 700 мың теңге алғашқы жарнамен бастаған. Қазіргі таза табысы 900 млн.теңгені құрайды. Бүгінде ол кәсіпкерліктен бөлек Орал қаласын әлеуметтендіру бойынша да үлкен жобалар қолға алуда.