Ақтау, Қостанай, Қызылорда, Көкшетау, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Орал, Өскемен қалаларында метеожағдайлар жақсарып, зиянды заттардың сейілуіне ықпал ететін болады.
ҚМЖ — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) үйлесімі. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.
Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі — синоптикалық ахуалдың (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы) болжамы.