Дмитрий Баландин Испаниядағы ашық чемпионатта екінші рет алтын алды

Дмитрий Баландин 50 метрлік брасспен жүзу жарысында қашықтықты 27.80 секундта жүзіп өтіп, қарсыластарын артта қалдырды. Ал қазақстандық тағы бір жүзуші Айбек Қамзенов болса, 28.56 секундпен қола медаль еншіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Дмитрий Баландин кеше 200 метрлік брасс қашықтығында да алтын алған болатын. Оған дейін Әділбек Мусин 50 метрлік баттерфляй жарысында күміс медальға қол жеткізді.

ДереккөзInform.kz