Жас өнертапқыштар тірек-қимыл мүшелері жарақаттанған адамдарға экзоскелет жасады

Вячеслав Литвинов Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің 6-курс студенті. Ол осы жобасымен «ТМД-ға 100 идея» халықаралық көрмесіне қатысады.

Көрме 11-13 сәуір аралығында Минск қаласында (Беларусь Республикасы) өтеді. Іс-шара ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жастарын елдерінің экономикалары мен ұзақ мерзімді инновациялық даму мәселелерін шешуге, ғылыми, инновациялық және әлеуметтік-экономикалық салаларды дамытуға үлестерін қостыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Көрмеге қатысатындар арасында Вячеславтан өзге тағы 10 адам бар. Олар осыған дейін Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен «Болашақ» қауымдастығы ұйымдастырған «Жастар Отанға» инновациялық идеялары мен жобалары фестивалінде үздік авторлар атанған болатын.