Биыл облысқа қар қалың түсіп, жер қабаты 1,5 метрге дейін қатып қалған. Ол ерісе, су тасқынына әкелуі мүмкін. Мамандар осыны ескере отырып, арнайы алды алу жұмыстарын бастады. Оған жергілікті бюджеттен 400 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді. Қызылорда және Жамбыл облыстарынан көмекке 44 құтқарушы мен 11 арнайы техника жеткізілді.
«Бүгінгі күні облыста тасқының алдын алуға жеке құрамнан 1359 адам жасақталды. Сондай-ақ 1170 техника сақадай сай тұр. Ал өзге өңірлерден көмекке келгендер қазіргі таңда қауіпті деген аудандарда жұмысқа кірісті. Мұнымен қоса облыста су тасқынға қарсы 101 эвакуациялау бекеті құрылды»,- деді облыстық ТЖД бөлім басшысы Болатжан Асқарбеков.