Басты бетЖаңалықтарЕліміздің бірнеше...

Еліміздің бірнеше өңіріне су басу қаупі төніп тұр — ТЖК төрағасы

«Қолдағы болжау мәліметтеріне сәйкес, осы жылдың 7-8 сәуірінен бастап Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқыны болады. Аталған өңірлерде жағдай қиындауы мүмкін. «Қазгидромет» РМК сәуірде жауын-шашын нормадан көп түседі деп болжап отыр. Жауын-шашын 8, 9, 10 және 11 сәуірде түседі деген болжам бар», — деп мәлімдеді Владимир Беккер брифингте.

ТЖК төрағасы Шығыс Қазақстан облысындағы жағдайдың әлі де күрделі екенін атап өтті. Қазіргі уақытта Зырян ауданындағы 107 үйді су басып тұр.

Еске салайық, 22 ақпан мен 5 сәуір аралығында күн күрт жылынып, қардың жылдам еруі салдарынан елімізде 1 500 үй суда қалды. Су ШҚО, Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстары мен Алматы қаласының 50 елді мекеніне келді.

Төрт мыңнан астам адамды көшіруге тура келген, оның үш мыңнан астамы өз үйіне оралды.

ДереккөзSputniknews.kz