Қазақстандық Тамила Муридова семсерлесуден қола жүлдеге ие болды

ҚР ҰОК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, Муридова осы жеңісінің нәтижесінде Буэнос-Айрес қаласында өтетін жастар арасындағы Олимпиада ойындарына жолдаманы қоса еншілеген.

«Жаcөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына ұзақ уақыт бойы дайындалдым. Себебі, бұл — жастар арасындағы Олимпиада ойындары алдындағы ең басты турнирлердің бірі. Маған төрт жылда бір өтетін дүбірлі додаға жолдама алу маңызды болды. Мақсатыма жеттім. Жалпы бұл медаль Қазақстан тарихында әйелдер арасындағы семсерлесуден әлем чемпионатының тұңғыш жүлдесі екен», — деп жауап берді.

Дереккөзkazinform.kz