Басты бетШҚО оқушылары...

ШҚО оқушылары сыртқы білім сынағынан босатылады

Оқушыларды бақылау сынақтарынан босатуға облыстың кей жерлері су құрсауында қалғаны себеп.

Айта кету керек, білім деңгейін бақылайтын сынақ 2012 жылдан бері жүргізіліп келеді. Оны мектеп қабарғасындағы 4, 9 және 11 сынып оқушылары тапсырады.

«Шығыс Қазақстан облысындағы күрделі жағдайға байланысты оқушыларды білім сапасын тексеретін сынақтардан босатуды ұйғардық. Өңірдегі жағдайға байланысты сынақ тапсыру мүмкін емес. Биыл бақылау жұмыстары 9 сәуірден басталатынын айта кету керек», -деді Асхат Аймағамбетов.

Дереккөз24.kz