Басты бетЖаңалықтарҰБТ-ны ағылшын...

ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсыруға болады

Түлек тестті қай тілде тапсыратынын өз таңдайды.

«Биыл ұлттық бірыңғай тестілеуді ағылшын тілінде тапсыруға мүмкіндік берейін деп отырмыз. 10 наурызда тестті тапсыру туралы өтінімдер қабылдана бастады. Аталған жұмыс мамырдың ортасына дейін жалғасады. Сондықтан ағылшын тіліндегі тестті кімнің және қанша адамның таңдағанын әзірше айта алмаймыз. Оны арыз тапсыру рәсімі аяқталғанда білеміз. Дегенмен, ағылшын тілінде сабақ беретін кейбір мектептер одан қалыс қалмайтын шығар», — деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов.

Ағылшын тіліндегі сұрақтардың қазақша және орысша нұсқадан айырмашылығы жоқ.

«Ағылшын тіліндегі сұрақтар дайын және тест кітапшаларына енгізілді. Барлық сұрақтар оқу бағдарламасын қамтиды және білім беру талаптарына сай келеді. Қазақша болсын, орысша болсын, мазмұны жағынан көп айырмашылық жоқ», — деп атап көрсетті А.Аймағамбетов.

ДереккөзKazinform.kz