Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметінен мәлім болды.
Аталған хабарламада «кубок пен қомақты сыйақыға еліміздің ең мықты деген спортшылары таласады. Жарыс елімізде жаңадан дамып келе жатқан, алайда кәсіби спортшылар арасында аса танымал дисциплина — динамикалық пирамида бойынша өтеді», — деп көрсетілген.
Аталмыш біріншілікті ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, ҚР Бильярд спорты Федерациясы Халықаралық Пирамида конфедерациясымен бірігіп, Бильярд спортының Бүкіләлемдік Конфедерациясының қолдауымен өткізгелі отыр.