Мамандардың болжауынша, еліміздің тек оңтүстік-шығыс, солтүстік және солтүстік-батыста атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде жауын жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, жел күшейіп бұрқасын соғады.
Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, желдің екпіні 15-23 м/с-ге дейін жетеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ге дейін жетіп, шаңды дауыл соғады. Атырау облысында күндіз жел күшейіп, 15-20 м/с болады.
Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжанады.
Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ге дейін күшейеді. Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ге жетіп, жаяу бұрқасын соғады.