Петр Порошенко

Құжат бойынша, 1991 жылдан кейін шыққан, “Ресей билігінің қызметін мақтаса” ресейлік фильмдерге де тыйым салынады.

“Заң Украинаның ұлттық қауіпсіздігін қорғау деңгейін арттыруға, қоғамдағы сепаратистік көңіл-күйді азайтуға және үкімет билігін нығайтуға көмектеседі”, – делінген парламенттің заң жобасына берген түсініктемесінде.

Ресейлік фильмдер мен сериалдар қос тілді Украина нарығында біраздан бері үстемдікке ие болған. Украина мен Ресейдің телеарналары да кейде фильмдер мен сериалдарды бірге түсіреді.

Украина мен Ресейдің қарым-қатынасы ресейшіл президент Виктор Янукович Киевтегі үкіметке қарсы жаппай толқуларда президенттіктен түсірілген 2014 жылдың ақпанынан кейін нашарлап кеткен. 2014 жылы наурызда Ресей Украинадан Қырым түбегін аннексиялап алып, Украина шығысындағы сепаратистерге қолдау көрсете бастаған.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!