Басты бетЖаңалықтарШатуш, балаяж,...

Шатуш, балаяж, нюд, громбре: Сәнді шаш бояу техникалары туралы не білесіз?

Омбре

Омбре
Омбре ©pinterest.com / Сара Джессика Паркер / thehairstyler.com

«Омбре» сөзі француз тілінде «көлеңке» деген мағынаны береді. Бұл техника бойынша, шаш түбі қою түстен басталып, ұшына қарай біртіндеп ашық бола түседі. Басында бұл түбі өсіп кеткен шаш сынды тәсіл болатын. Оған бірінші болып 2010 жылы «Үлкен қаладағы секс» фильміндегі Сара Джессика Паркер бояды.

Кейін омбреге тәжірибе жасаушылар көбейіп, түрлі түстер қолданыла бастады. Енді шаштың үштарын күйдірмей, тек ашық түстерге бояуға болады. Оны шаш шеберлері градиент немесе деграде деп те атайды. Сондықтан, стилисіңіз осылай десе, омбре деп түсініңіз.

Сомбре

Сомбре
Сомбре ©pinterest.com

Бұл — омбренің жеңіл түрі. Сомбреде шаш түсінің ұшына қарай өзгергені өте қатты білінбейді, тіпті байқалмайды деуге де болады. Бұнда шаштың түбінде табиғи түс сақталады да, ұшына қарай сол түсті тек 05-1 тонға өзгертеді. Онда да шаш ірі-ірі тұтамдарға бөлініп, боялады. Соның нәтижесінде шаштың түсі көзге күнге сәл күйген сияқты болып көрінеді.

Балаяж

Балаяж
Балаяж ©pinterest.com

Қыздар арасында өте танымал әрі сұранысқа ие бояу техникасы. Ол — шашты өте ұсақ тұтамдарға бөліп мелирлеу, бірақ шаштың ұзындығын толығымен емес, оның 2/3 бөлігі ғана боялады.

Бронд

Бронд
Шашын бронд техникасымен бояған арулар: Жизель Бундхен, Пенелопа Крус, Дженнифер Энистон

Брондқа боялған шашты голливуд жұлдызы Дженнифер Энистоннан көруге болады. Ол бұл техникамен біраз жылдан бері «дос».

Бұл да мелирлеу сияқты, бірақ шаш бір ғана түске емес, сары мен қоңырдың бірнеше реңкіне боялады. Техниканың bronde деген атауы да осы сары (blond) мен қоңырдың (brown) араласуы деген сөзден шыққан.

Шатуш

Шатуш
Шатуш ©pinterest.com

Шатуш брондқа ұқсас: шаш бірнеше түске боялады, бірақ түстердің өзгеруі көлденең бағытта болады және түстердің алмасу шекарасы анық көрініп тұрады.

Громбре

Громбре
Громбре ©fashionte.com, hairstyle.guru

Громбре — сұр түстерден жасалатын омбре. Бұнда сұрдың бірнеше реңктері, әсіресе кейінгі кездері сәнге айналған күлгін, сұрғылт, ақ түстер қолданылады. Егер шашыңызға ақ түсе бастаса, громбре оны — жасырудың бірден-бір жолы. Сол арқылы бір оқпен екі қоянды атуға болады: ақ шашты жасыру және сәнді шаш бояуы.

Нюд

Нюд
Нюд ©pinterest.com / Джессика Альба / pinterest.com

Нюдті, көбінесе, елдің назарын көзіне, бет терісінің тазалығына, ерніне, яғни шашынан басқа жерге аударғысы келетіндер жасатады. Бұнда шаш күтілген, әдемі, бірақ көздің, терінің түсіне үйлесетін табиғи реңктерге боялады.

Фламбояж

Фламбояж
Фламбояж ©pinterest.com

Балаяж бен омбренің араласқан түрі. Оны итальяндық стилист Анжело Семинара ойлап тапқан. Стилист бұл арқылы шашты айтарлықтай ашық, құбылмалы етуге болатынын айтады. Тәжірибесінің қаншалықты сәтті болғанына өздеріңіз баға беріңіздер.

Стробинг

Стробинг
Стробинг ©pinterest.com

Стробинг дегеніміз шаштың жарыққа шағылысу әсерін туғызатын бояу түрі. Оның нақты бір техникасы жоқ. Әр стилист шаштың қай жерін ашық түске бояу керек екенін өзі шешеді. Бұл жерде шаштың қалыңдығы, бас сүйегінің пішіні, бет терісінің түсі ескеріледі.

Суккулент

Суккулент
Суккулент ©pinterest.com

Суккулент — табиғатты еске салатын шаш бояуы. Онда жасыл шөптің, гүлдердің, өзен мен көлдің түстері қатар қолданылады. Сондықтан да шашқа өте зиян техника, себебі шаш толығымен күйдіріледі. Оны көп жағдайда шығармашылық адамдары таңдайды.