Шымкентте 114 тұрғын пәтерге ие болды

Шарада аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев  облысқа еңбегі сіңген бірқатар азаматтарды «Облыстың Құрметті азаматы» атағымен марапаттады. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынған әкімшілік іскерлік орталығындағы көпқабатты үйден 114 тұрғынға пәтер кілттерін табыстады. Осылайша Ұлыстың ұлы күнінде баспаналы болған отбасылар қуанышқа кенелді.

«Наурыз мейрамы — табиғаттың тылсым құдіреті күн мен түннің теңесер сәтіне тұспа-тұс келгенімен ерекшеленеді. Наурыз — ежелден жаңа мен жақсының, мейірім мен шапағаттың, әдеп пен имандылықтың бастауы болып отырған. Бұл күн — жаңару, жасару кезеңі. Ұлыстың ұлы күні дәл бүгін отызыншы рет тойланып отыр. Бұл — Тәуелсіздігіміздің, Мемлекет басшысының жүргізіп отырған саясатының жемісі. Біздің қасиетті оңтүстік жеріне көктем ерте келеді. Сондықтан да оңтүстік жұрты бұл мерекеге ерекше ықыласпен дайындалады. Ұлыстың Ұлы күнінде, Қыдыр дарыған қадір таңында тілеген армандарымыз орындала берсін», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

Дереккөзkazinform.kz