Мажарстанда Наурыз мерекесін дәл сіздердей тойламаймыз, себебі 1 100 жыл бұрын қазіргі Мажарстандағы жаңа отанымызға көшіп барғанбыз. Бірақ, еуропалық мемлекеттіліктің атрибуты ретінде христиандықты қабылдау арқылы бұл дәстүрлер Пасха мейрамын тойлауда сақталып қалды деп ойлаймын. Пасхадан бөлек, мажарлар үшін Көктемгі тепе-теңдік мерекесі өте маңызды. Бұл күнді мажарлар көктемнің басы деп санайды, жаңа күнтізбе енгізілгенше жаңа жыл да көктемгі тепе-теңдікте басталған еді. Сондықтан, бүгін мажарлар да мерекелік көңіл-күйде жүр. Өз халқымның, өз елімнің атынан сіздерді көктемнің тамаша мерекесімен құттықтаймын! Бар жақсылықты тілеймін!», — деп білдірді лебізін елші Халықаралық Түркі академиясы (TWESCO) ұйымдастырған Наурыз тойында.
Еске сала кетсек, бүгін TWESCO Астанада ежелгі түркілердің «Балғамен төс соғу» дәстүрін жаңғыртты.