Ресей билігі Иманғали Тасмағамбетовті арнайы төсбелгімен марапаттады

Марапат Тасмағамбетовке 11 желтоқсан күні РФ сыртқы істер министрінің орынбасары Григорий Карасинмен кездесу барысында ұсынылды.

«Ресей Федерациясы сыртқы істер министрінің шешімімен ынтымақтас Қазақстанның елшісі қос ел арасындағы стратегиялық және одақтық қарым-қатынасты дамытуға қосқан үлесі, мәдени диалогты кеңейтуі, сондай-ақ ортақ интеграциялық бірлестіктер аясында өзара ынтымақтастығы үшін осы төсбелгімен марапатталады», — делінген хабарламада.

Еске салсақ, 2017 жылы 3 ақпанда Иманғали Тасмағамбетов Қазақстанның Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалған. Ал оған дейін ол вице-премьер лауазымында қызмет атқарған болатын.

Дереккөзsn.kz