Шеру Бұқар жырау — Чкалов — Жауынгер-интернационалистер көшелері бойымен өтіп, Орталық саябақта аяқталады. Мәлім етілгендей, осы жерде Наурыз мейрамын тойлау басталады. Көптеген спорттық шаралар мен коцерттік бағдарламалар жоспарланған.
«Сағат 11.30-да басты сахнада қазақ күресі, кикбоксинг, қол жекпе-жегі, каратэ, дзюдо, самбо және семсерлесу бойынша көрсетілімдер өтеді. Сахнаның оң жағындағы алаңдарда ұлттық ойындар бойынша сайыстар ұйымдастырылады. Атқа отырған жігіттер аударыспақ және көкпар ойынының «Серке көтеру» элементтерін паш етеді. «Street Workout» федерациясының спортшылары спорт құралдарымен жасайтын ерекше өнер көрсететін болады. Орталық саябақ сахнасының жанында экспозициялық киіз үй орнатылады, оның кіреберісінде қыран құстары бар бүркітшілер мен тазы иттер тұрады. Мерекенің жарқын сәттерінің бірі «Ашамай» ұлттық дәстүрінің өткізілуі болмақ. Қазіргі күндері ол әдет-ғұрып соншалықты танымал емес, алайда ұл баланың жігітке айналуының нағыз белігісі болып саналады. Себебі қазақ батырлары аттың құлағында ойнап, өздерінің шеберліктерін көрсете білген», — делінген әкімдік хабарламасында.
Сондай-ақ барлық ниет білдірушілер гір спорты, армреслинг, кермеде тартылу, «Арқан тарту», «Тоғызқұмалақ», «Ләңгі» және «Асық ату» сайыстарына қатыса алады. Үздік ойыншыларға сыйлықтар әзірленген.
Бұдан бөлек, тірі қойды мойынға салып, жүрелеп отырып-тұру сайысы болады. Жеңімпаз қойды өзімен бірге алып кетеді.
Мерекелік шаралар 23, 24 және 25 наурыз күндері де жалғасады.