Басты бетЖаңалықтарАстанада балабақшаға...

Астанада балабақшаға жолдама алудың шарттары қандай?

«Өткен жылдың қаңтар айында орындарды бөлудің ашықтығын қамтамасыз ету үшін Астанадағы мектепке дейінгі ұйымдарға, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс алатын жекеменшік балабақшаларға автоматты түрде жолдама беру жүйесі іске қосылды. Бүгінгі таңда бұл қызмет ата-аналарға www.e.astana.kz жүйесінде электрондық қолтаңбаны пайдалану арқылы қолжетімді. Осы күнге дейін жүйе арқылы 25 мыңнан астам жолдама берілді», — деді басқарма басшысы.

Оның айтуынша, өткен жылдың қорытындысында жүйеге талдау жасалып, анықталған кемшіліктер жаңа жүйеде ескерілген. Мәселен, бұған дейін жеңілдік санаты бар азаматтардың өтініштерін электронды түрде қабылдау  мүмкіндігі болмаған. Бұл қызмет ата-аналар үшін Білім басқармасына  барып, құжат тапсыру арқылы жүзеге асырылған еді.

«Енді бұл қызметті электронды  түрде жүзеге асыруға дайынбыз. Ол электронды түрде қолжетімді болады. Бос орындар туралы смс-хабарлама  алған кезде өтініш иесіне балабақша таңдауға 5 күн беріліп, кезектің  жылжуы баяулайтын. Бүгінгі таңда балабақша таңдауға 11 сағат қана беріледі. Содан  кейін бос орны бар балабақшалар тізімі жүйеде кезекте тұрған барлық балалар  үшін қолжетімді болады. Яғни, баланың туған жылына немесе кезекте  тұрған орнына байланысты  емес. Кез келген ата-ана 11 сағат өткеннен кейін  бос орынды белгілеп, жолдама алуға мүмкіндігі бар», — деді Әнуар Жанғозин.

Басқарма басшысының айтуынша, сонымен қатар ата-ана таңдап алған балабақшасына 5 жұмыс күннің ішінде бара алмаса, онда жүйеден жолдама мерзімін ұзарту қызметін пайдалану қажет.

«Бұл кей себептермен балабақшаға бара алмай жатқан ата-аналарға  тиімді. Тағы бір өзгеріс, парақшамызда кез келген уақытта жеке және байланыс деректерін өңдеу және  соңғысы өтініш беруші тарапынан мектепке дейінгі ұйымнан орын алу мүдделігінің растау қажет болады», — деді ол.

Дереккөзkazinform.kz