Бұл туралы бүгінгі Жоғарғы соттың жалпы отырысында ҚР Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асанов мәлім етті.
«Бұл жалпы отырысымыздың бір ерекшелігі бар. Біз алғаш рет отырысымызды онлайн режімде өткізіп отырмыз. Онлайн түрде көре алмағандар үшін отырыстың жазбасын сайтқа орналастырамыз. Жалпы, бәрімізге белгілі, Конституцияға сәйкес, Қазақстанда мемлекеттік билік үштармақтан тұрады. Соның бірі — сот билігі. Парламент пен Үкіметті алар болсақ, олардың жалпы отырыстары қоғамға ашық түрде өткізіледі. Сондықтан, Жоғарғы сотта бүгіннен бастап маңызды мәселелерді қарағанда жалпы отырысымызды ашық форматта өткізетін боламыз», — деді Жақып Асанов.
Айта кетейік, Жоғарғы Соттың бүгінгі отырысында сот шешімін құрастыру әдісі бойынша нормативтік қаулының жобасы таныстырылды.