Красноярск пен Алматы арасында әуе қатынасы ашылады

«Ангара» әуе компаниясы жаңа рейстерге билет сата бастады. Енді Қазақстанның оңтүстік астанасына үшінші маусымнан бастап  аптасына екі рет — бейсенбі және жексенбі күндері ұшып баруға болады.

Рейстерді АН-148-100 әуе кемесі орындайды. Лайнерлер Красноярскіден 20:50-де ұшып шығады, ал Алматыдан дүйсенбіге қараған түні мен жұмада сәйкесінше 00:10 және 00:20-де аттанады.

Ұшу уақыты 3,5 сағатқа жуық. Билеттің бір жағына құны 12,5 мың рубль (70 мың теңге).

ДереккөзInform.kz