Соның ішінде қалалықтар 10 439,6 мың (57,4%), ауылдықтар — 7 738,1 мың адамды (42,6%) құрады. АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2018 жылғы қаңтарда 33,3 мың сәби туған, бұл 2017 жылғы қаңтарға қарағанда 4,4% көп.
Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 21,42 туылғандарды құрады. 2018 жылғы қаңтарда республика халқының табиғи өсімі 2017 жылғы қаңтармен салыстырғанда 2,5 мың адамға немесе 13,1% көбейіп, 21,5 мың адамға жеткен. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 13,83 адамды құрады. 2018 жылғы қаңтарда республикада 1 жасқа дейінгі 317 нәресте өлімі тіркелді. 2017 жылғы қаңтармен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 7,1% көбейді.
Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2018 жылғы қаңтарда елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 2017 жылғы қаңтармен салыстырғанда 9,2% кеміп, 1 360 адам құрады. Елімізден кеткен көшіп-қонушылардың тіркелу саны 34,9% көбейіп, 2 258 адамға өскен.
Өңіраралық көшіп-қонушылардың үлесіне еліміздің жалпы ішкі көшіп-қонушылар санының 33,3% кұрады. Өңіраралық көші-қонның оң айырымы:
Астана қаласы — 1 058 адам; Алматы қаласы — 3 549 адам; Ақмола облысы — 157 адам; Маңғыстау облысы — 26 адам.