Класстастар

Жанры: Комедия

Режиссері: Ернар Нұрғалиев

Шығарған ел: Қазақстан

Фильмде 15 жыл бұрын мектеп бітірген түлектердің басқосуы баяндалады. Олар бір кездері жыл сайын кездесіп тұру туралы сөз берген еді. Алайда, тағдырдың жазуы осылай болды. Олардың бәрі есейген, бірі адам танымастай өзгерген. Басқосу қызыққа толы болайын деп тұр…

Шестой пост

Жанры: Драма, криминал

Режиссері: Серікбол Өтепбергенов

Шығарған ел: Қазақстан

Фильм шынайы оқиғаға негізделген. 2010 жылдың 22 маусымында түзеу клониясында жазасын өтеп жүрген жиырма бір қылмыскер қашуға бел буады. Олардың бұл әрекетіне Ұлттық Ұланның жауынгері – Ербол Отарбаев тосқауыл болады. Өзі жараланғанына қарамастан, сарбаз бір өзі қашқындардың жолын кесіп, ерлік танытады…

Tomb Raider: Лара Крофт

Жанры: Атыс-шабыс

Режиссері: Роар Утхауг

Шығарған ел: АҚШ

Лара Крофт — саяхатқа құмар адамның қызы. Ол бой жетпей тұрып, әкесі жоғалып кетеді. 21 жасқа келгенше Лондонның қараусыз көшелерінде құрдан-құр мотоцикл айдаумен күні өтеді. Табысы пәтер жалдау мен колледжегі оқуына әрең жетеді. Лара соған қарамастан әкесінен қалған империяны басқарудан үзілді-кесілді бас тартады. Әкесінің хабар-ошарсыз жоғалып кетуі мүмкін емес. Оған бұл жерде бір құпия бар сияқты көрінеді…

Шерлок Гномс

Жанры: Комедия, мультфильм, отбасылық фильм

Режиссері: Джон Стивенсон

Шығарған ел: АҚШ, Ұлыбритания

«Гномео мен Джульетта» мультфильмінің кейіпкерлері үлкен экранға қайта оралды. Олар Лондонға қоныс аударды. Ендігі мақсаттары — бақшаларын көктемге дайындау. Бірақ бұл жолы да қызықты хикаяға тап болады. Олардың гном достары шет-шетінен жоғалып кетеді. Бір күні Гномео мен Джульетта үйлеріне оралса, үйдегілері де хабар-ошарсыз кеткен. Бұл жұмбақ жағдайды тек Шерлок Гномс қана шеше алады…

Ну, здравствуй, Оксана Соколова!

Жанры: Комедия

Режиссері: Кирилл Васильев

Шығарған ел: Ресей

Хикая актер ретінде жолы болмаған Илья есімді жігіт туралы. Оны фильмге түсуге ешкім шақырмаса да, көңіл-күйін түсірмейді, себебі ертеңнен бастап ерлерге арналған радионың жүргізушісі болмақ. Бұл қуанышты жағдайды атап өту керек! Бірақ қатты тойлап қойғаны сонша, ертеңінде дауысы қарлығып, шықпай қалады. Эфирге жарты сағат қалған, прайм-тайм уақыты… Ильяда амалсыздан тамағына екпе салдырады, бірақ жағдайдың бұлай өзгеретінін ешкім білген жоқ. Эфир басталады, Илья микрофон алдында отыр. Бірақ дауысы әйелдердікі сияқты жіңішкеріп кеткен! Енді ол өз дауысын қайтару үшін барын салады…

Отпетый мачо

Жанры: Атыс-шабыс, комедия, шытырман

Режиссері: Саймон Уэст

Шығарған ел: Ұлыбритания

Генридің лақап аты —  Бес. Ол рок-жұлдыз, бірақ жұлдызы жанған уақыты өткен. Қазір жатып алып, сыра ішуден басқа жұмысы жоқ. Бір күні ол Чилиге демалуға аттанады. Ондағы қарақшылар Бестің әйелін ұрлап кетіп, ақысына бір миллион доллар сұрайды. Генри үшін бұл сома даяшыға шәй үшін беретін ақшамен бірдей. Еш қиналмастан банкке барғанда жергілікті елші оны бұл ойынан айнытпақ болады. Елшінің ойынша, қарақшылар террористер болуы мүмкін. Енді Генриге таңдау жасау керек…

Страна призраков

Жанры: Қорқынышты

Режиссері: Паскаль Ложье

Шығарған ел: Франция, Канада

Бэт туған өлкесіне оралады. Бұл жерде оның отбасы қайғылы жағдайға ұшыраған болатын. Ескі үйде анасы мен әпкесі қалған. Олар елестермен бірге өмір сүреді…

Леди Бёрд

Жанры: Драма, комедия

Режиссері: Грета Гервиг

Шығарған ел: АҚШ

Картина жоғары сынып оқушысы Кристина МакФерсон туралы. Ол өзінің кішкентай қаласынан Нью-Йоркке қашып кетпекші. Бұл ойын іске асыруға ағасы көмектеспек. Фильмде алғашқы махаббат, шынайы достық пен өмірден өз орнын іздегендердің хикаясы бар.