Әсел Сәдуақасова сыныптастар туралы фильм түсіреді

Продюсер әрі актриса Әсел Сәдуақасова жақында «Класстастар» фильмінің түсірілімін бастайды. Бұл туралы продюсер Instagram парақшасында хабарлады.

«2018 жылдың қаңтар айында «Класстастар» деген киножобаны қолға аламын. Бұл — уақытша атауы. Фильм комедия жанрында болады. Ол бір мектептен түлеп ұшқан түлектер туралы. Олар бір-бірімен 15 жылдан кейін кездеседі. Актерлердің құрамы сіздерді таң қалдырары анық. Түсірілім тобы да ерекше»,- деп жазды Әсел Сәдуақасова.

Актриса жазбасында 2018 жылы өзінің де мектеп бітіргеніне 15 жыл болатынын айта кеткен.

Думаю у каждого из вас есть общая фотография с 11 класса))) это вот моя. К чему я это, а к тому, что еле как сдерживаю себя в руках, чтобы не пуститься в пляс???????? и не закричать во весь голос от счастья???????????? в ЯНВАРЕ 2018 ГОДА, я запускаю новый кинопроект???? под рабочим названием ????КЛАССТАСТАР???? Это будет веселая комедия, про выпускников одной школы, которые наконец-то, спустя 15 лет встречаются друг с другом и делятся между собой комичными воспоминаниями и рассказами из сегодняшней жизни. Актёрский состав нового фильма просто бомба???? Команда, состоящая из режиссёра, оператора, сценаристов, художника-постановщика и исполнительных продюсеров — вообще космос ???? В общем, следите за новостями, скоро я вам обо всем расскажу???? а пока, шампанское в студию???????????? Ихаааа. Кстати, именно в 2018 году будет 15 лет, как я закончила школу)))

A post shared by Assel Sadvakassova (@asselsadvakassova) on

Айта кетейік, Әсел Сәдуақасова бұдан бұрын «Келін де адам баласы» және «Ninety One» картиналарын түсірген болатын. Желтоқсан айында «Қазаққа ғашық болмаудың 5 себебі» атты фильмі шығады.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз