Басты бетЖаңалықтарПариждегі терактілерге...

Париждегі терактілерге дейін Алжир азаматы бұл оқиғаның болатынын көршілеріне айтып берген

39 жастағы ер адамның босқындардың панасында өмір сүріп келгені айтылады. Ол бірнеше күн бұрын көршілеріне «Парижді сұмдық күтіп тұр» деп және жарылыстың болатынын айтқан. Бас прокуратура өкілінің айтуынша, қазіргі уақытта ұсталған азамат пен Париждегі терактілердің байланысы анықталмай отыр.

Осыған дейін Францияның құқық қорғау органдарының Париждегі шабуылға қатысы бар екі адамның аты-жөнін анықтағаны хабарланған болатын. Футбол стадионының маңында өздерін жарып жіберген үш адамның бірінің Францияның 20 жастағы азаматы Біләл Хадфи (Bilal Hadfi) екені айтылады, тағы бір лаңкес — 31 жастағы Ибрагим Абдеслам, ол Париждегі Вольтер гүлзарында «өлімші желетін» іске қосқан. Салах жасырынған пәтерде қару табылған.

Еске салайық, 14 қарашаға қараған түні Париждің бірнеше ауданында лаңкестер теракт ұйымдастырды. Олар мейрамханалардың бірінде атыс ұйымдастырды, Франция мен Германия құрамаларының арасында жолдастық кездесу өтіп жатқан «Стад де Франс» стадионының маңында үш жарылыс болды. Мұнымен бірге, «Батаклан» театрында өтіп жақан рок-концертте содырлар адамдарды кепілге алды. Шабуылдардың салдарынан 129 адам қаза тауып, 352 адам жарақат алды. Терактілерге ДАИШ жауапкершілік алды.

ДереккөзTengrinews.kz