Бүгін Қысқы Паралимпиада басталады

12-ші рет алауы тұтанғалы отырған бәсекеде ел намысын 6 спортшы қоғайды. Олар: Қайрат Қанафин (шаңғы және биатлон), Александр Герлиц (шаңғы және биатлон), Сергей Усольцев (шаңғы және биатлон), Денис Петренко (шаңғы), Жаңыл Балтабаева (шаңғы) және Александр Колядин (шаңғы).

Отандастарымыз Паралимпиада алдында Германияда, Ресейде және соңғы дайындықтарын Талғарда пысықтады.

Айта кетейік, Пиоңчандағы Паралимпиадада тау шаңғы спорты, биатлон, шаңғы жарысы, шайбалы хоккей, сноуборд және керлинг спорты бойынша жүлделер сарапқа салынады.

ДереккөзInform.kz