«Шымбұлақта» фристайлден халықаралық жарыс өтеді

Спорттық «Gorilla Winter Jungle» бойынша бәсеке екі бағытта: «Freeski» және «Snowboard» жүреді. Бағдарламада «Freestyle Show» — көрсетілім шоу ұсынылады, оған «Gorilla Team», «Big Air» кәсіби атлеттер қатысады.

Фристайлден үлкен трамплиндегі жарыс әуесқой деңгейдегі райдерлер үшін ұйымдастырылады, оған жасы 16-ға толғандардың барлығы қатыса алады, мұнда түрлі трюктер, амплитудалық және акробатттық секірулер, сонымен қатар «Jibbing» — мини контесттер (перилдер, бокстар, грандер), шаңғы мен сноубордтарда түрлі трюктер жасауға болады.

Жарыстың жүлделік қоры 1 миллион теңгеден астам, бұдан өзге шараны ұйымдастырушы серіктестердің өз жүлделері болады. «Big Air» сноуборд: 1орын – 300 000 тг, 2 орын – 200 000 тг, 3 орын – 100 000 тг. «Big Air» шаңғы: 1 орын – 150 000 тг, 2 орын – 100 000 тг, 3 орын – 50 000 тг. «Jibbing» сноуборд – 100 000 тг, «Jibbing» шаңғы – 50 000 тг. Қыздарға: жастыққа секіру – 50 000 тг, джиббинг – серіктестік жүлдесі беріледі.

«Шымбұлақ» тау шаңғысы курортындағы жарыс аясында Мәскеуден, Сочиден және басқа жерлерден арнайы келген қонақтар шоу- көрсетілім қояды, олардың арасында Артем Шелдовицкий, Андрей Ануфриев, Даниил Мельников, Степан Деонисьев, Сакен Кагаров және басқалары бар.

Шара Алматыда спорттың экстремалды түрін,фристайлды, салауатты өмір салтын, Қазақстандағы спорттың тау түрлерін дамытуға бағытталған.

Жарыс Алматыдағы «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортында 2018 жылдың 10 наурызында сағат 11:00 ден 17:00-ге дейін өтеді.