Басты бетЖаңалықтарАтырауда гемодиализ...

Атырауда гемодиализ орталығы ашылды

Облыс орталығында гемодиализ орталығы ашылды. Бұл мекеме бүйрек жұмысын жақсартуға және вирусты гепатитке шалдыққандарға көмек көрсетеді.

Осы заманғы ең озық медициналық қондырғылар Германиядан арнайы жеткізілген. Ол бір мезетте 12 науқасқа қызмет көрсете алады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймурзиеваның айтуынша, орталыққа жаңа аппараттар алынған.

«Жекеменшік инвестормен келісім бойынша қазір осы Атырау облысына 12, Жылыойда 4 аппарат жаңадан алынып, сонымен қатар аппараттарды ары қарай қызметін қарап тұруға, уақытында өңдеуге алдын ала жергілікті мамандар дайындалған»,-  деді ол.

Айта кетейік, Атырауда қазіргі таңда бүйрек жұмысының бұзылуынан 120 адам зардап шегеді. Енді олар жаңа орталықтан тегін ем қабылдап жатыр.

Дереккөз24.kz