Фируза Шарипованың келесі жекпе-жегі Таразда өтуі мүмкін

«Фирузаның келесі кездесуі 12 мамырда өтеді. Жекпе-жек Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» немесе жуырда ғана құрылысы біткен Санкт-Петербургі М-1 Арена өтуі мүмкін. Мен Таразға барып келдім. Спорт кешенін де көріп, басшылармен жолығып, барлығын ақылдастық. Биыл Фируза Таразда міндетті түрде бір кездесу өткізеді. Сондай-ақ 8-ақпан күні Питерда М-1 Арена спорт кешенінің ашылу салтанатында болдым. Бұл жекпе-жек шеберлеріне арналған заманауи спорт кешені. Бұл біз үшін керемет орын»,-деді Сергей Завилейский.

Фирузаның қарсыласы туралы ақпарат әзірге белгісіз. Алайда, менеджері оның қарсыласы мықты болатынын айтады.

«Мұндай мықты қарсылас әлі Фирузада болған жоқ. Сондықтан оны қиын кездесу күтіп тұр»,-дейді ол.

Ақпаннан бастап боксшы Мәскеудегі «Бокс академиясында» жаттығып жүр. Қазір дайындық қызу жүруде.

Еске салайық, Шарипова соңғы кездесуін 30 желтоқсан күні өткізіп, бельгиялық Джермиооа Гонтарюкті жеңіп, IBO және WBC Silver белбеулерін жеңіп алған болатын.

ДереккөзVesti.kz