Таразда тоғызқұмалақтан ел біріншілігі басталды

Жарыс 12 қазанға дейін жалғасады. Аталмыш додаға Астана, Алматы қалалары, БҚО, ОҚО, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Ақтөбе, Маңғыстау, Алматы және Жамбыл облыстарынан 78 спортшы (42 ер, 36 әйел) бақтарын сынауда.

Олардың 1-еуі Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері, 10-ы халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 22-і спорт шеберлері, 34-і спорт шеберлігіне үміткерлерлер болса, 11-і І-спорттық разряды бар спортшылар.

Айта кетейік, жарыс 9 турдан тұрады. Қатысушылардың арасында өткен айда ғана Астана қаласында өткен IV Әлем чемпионатында ел  намысын қорғаған спортшылар да бар.

ДереккөзInform.kz