Басты бетАлматыда жаңа...

Алматыда жаңа автобус бағыты пайда болды

Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгіннен бастап №98 бағыт бойынша сыйымдылығы үлкен автобустар жолға шықты.

Евро-5 экологиялық сыныптағы төмен еденді автобус мына бағыт бойынша қозғалады: Рысқұлбеков көшесіндегі «Байтал»ТК – Мұстафин – Торайғыров көшелері – Әл-Фараби даңғылы– Розыбакиев – Қожабеков көшелері – Гагарин даңғылы – Тимирязев – Әуезов – Жандосов көшелері – Абай даңғылы – Абылай хан – Маметова көшелері – метроның «Райымбек» бекеті.

Бұрын Рысқұлбеков көшесі, Сайын мен Мұстафин көшелері бойындағы тұрғындарға қоғамдық көлік келмейтін, енді олар Гагарин көшесі бойындағы Бостандық ауданының ХҚКО-на еш кедергісіз бара алады.

Аталған бағытқа 12 көлік бірлігі бөлінген, интервал 12-14 минут, болжамдағы жолаушы легі – 3 мың адам.