Қысқы Олимпиада: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?

Олимпиада ойындарының жарыс кестесіне сәйкес, бүгін қазақстандық спортшылар шорт-трект пен биатлоннан жарыс алаңына шығады.

Шорт-трекшілеріміз Астана уақытымен 16:00-де сайысты бастаса, биатлоншыларымыз 17:15-те жарыс алаңына шығады.

Жарыс кестесі:

Шорт-трек сағат 16:00-де 

Әйелдер, 1000 метр. Іріктеу кезеңдері

Қатысатындар: Анастасия Крестова, Ким Йонг А

Ерлер, 500 метр. Іріктеу кезеңдері  

Қатысатындар: Абзал Әжғалиев, Нұрберген Жұмағазиев, Денис Никиша,

Биатлон 17:15-те

Аралас эстафета

Қатысатындар: Галина Вишневская, Алина Райкова, Максим Браун, Роман Еремин.