Ақтөбе көшелерінде бейнекамералар көбейеді

Ақтөбенің көше қиылыстары мен жолдың желілік учаскелерінде жол ережесін бұзғандарды тіркейтін 38 камера орнатылады.

«Қазір Ақтөбе қаласы ІІБ Жедел басқару орталығына тікелей жалғанған 208 видеокамера бар. Хромтау қаласында 27 видеокамераның көмегімен 2017 жылы 97 қылмыс ашылып, 19 мың әкімшілік құқықбұзушылық анықталды», — дейді Жергілікті полиция қызметінің басшысы Қаныбек Жақсығалиев.

2018 жылдың соңына дейін Ақтөбедегі кіреберістерге 2,5 мыңнан астам камера орнаталады. Сондай-ақ, видеобақылау жүйесі облыстағы бірқатар аудан орталықтарында (Қандыағаш, Шалқар) пайда болады.

Дереккөзinform.kz