Басты бетЖаңалықтарЕлімізде балалар...

Елімізде балалар үйінде тәрбиеленушілер саны 60 пайызға кеміген

Нұрсұлтан Назарбаев жетім балалардың құқығын қорғау үшін отбасы құрылым түрлерін кеңейту практикасы бойынша құқықтық механизм қалыптастыруды тапсырған болатын. Нәтижесінде 2009-2017 жылдар аралығында жетімдер үйінің тәрбиеленушілері 60 пайызға қысқарды.

2017 жылы 22 бала асыраушы отбасы пайда болып, заңды түрде бекітілді және мемлекет тарапынан отбасылық құрылымның асырап алу, патронаттық тәрбие, қамқоршылыққа алу және бала асырап алушы отбасы сияқты төрт түрі де мемлекет тарапынан материалдық тұрғыда ынталандырылды.

Жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған банк іске қосылды. Өткен жылы банк арқылы 394 бала өз отбасын тауып, 2437 бала қамқоршылыққа, ал 219 бала патронаттық тәрбиеге берілді.

Сондай-ақ, 2017 жылы өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдауға арналған Орталық құрылды. Оның жетімдер үйінен айырмашылығы, бала кез келген жағдайда жан-жақты әлеуметтік көмек түрлерін ала алады. Аталған Орталық баланың биологиялық отбасында тәрбие алып, қалыптасуына көмектесуді мақсат тұтады.

2016 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Отбасылық Академия», «Жанұя», «Ана үйі» қоғамдық қорының бірлесуімен Алматы, Астана қалаларында отбасыны қолдау Орталықтары ашылды.

ДереккөзBaq.kz