Түлектер кеші мектепте өтуі тиіс — ҚР Білім және ғылым министрлігі

«Жалпы орта білім алғаны жөніндегі аттестаттарды салтанатты табыстау рәсімі болатын түлектер кеші мектепте өтуі тиіс. Министрлік түлектерге арналған барлық шараларды мектеп қабырғасында ұйымдастыру керектігіне кеңес береді. Барша мектептерге түлектер кешін өткізу бойынша ұсыныстар жасалды. Астана қаласы Білім басқармасының мәліметінше, қала мектептерінде ақша жинау шаралары жүріп жатқан жоқ»,-деді Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР БҒМ баспасөз хатшысы Арман Жүнісов.

Осы орайда ол 2016-2017 оқу жылының басында еліміздің барлық мектептері үшін ақша жинауға тыйым саланытындығы туралы бұйрық шығарылды. Аталған бұйрықты барлық мұғалімдер мен мектеп басшылығы орындауы тиіс. Егер оны бұзған жағдайда әкімшілік жауапкершілік шаралары ескерілген.

ДереккөзInform.kz