Су тазарту станциясы
©Өңірлік баспасөз
Жоба құны 10,1 млрд.теңгені құрайды. Қаланың сол жақ бөлігіндегі кәріз суын тазарту құрылғылары Атырау қаласының оңтүстік, оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасады. Ол қолданысқа енгізілгеннен кейін тұрғындардың бірнеше жылдар бойы шағымдарын туғызып келген «Сасық сай» жабылады. Кешенде бас кәріз станциясы, тазартылмаған судың құрастырмалы коллекторы, кәріз суын тазарту құрылғысының алаңы, булану алаңы мен биологиялық тоған алаңы болады.
Құрылыс өткен жылдың аяғында басталды. Қазір біраз бөлігі салынды: өндірістік, тұрмыстық ғимараттар блогы, көлікжай, ауа өткізгіш станция, жылу қазандығы, хлорлағыш, балшық сорғыш станция, дренаж сорғыш станция, темірбетон қоршау,  өткел жол. Тік жоспарлау ішінара аяқталды.
Су тазарту станциясы
©Өңірлік баспасөз
Су тазарту кезеңі механикалық және биологиялық әдіспен жүргізіледі.

2016 жылы аймақ басшысы Атырау қаласының сол жақ бөлігінде кәріз суын тазарту қондырғылары проблемасын шешуді тапсырды, – деді Серік Шапкенов.

Құрылыс 1978 жылы салынған. Содан бері күрделі жөндеу болмаған. Бұл тұрғындардың наразылығын тудырды. Егер төтенше жағдай болса, түгел қала лас судың астында қалар еді. Қазір осы проблеманы шешіп жатырмыз, қаланың оң жақ бөлігінде КТС құрылысының ЖСҚ жасалып жатыр.
Айта кетейік, 2016 жылы 4 қарашада Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев селекторлық жиналыста кәріз суларының су тарту жүйесінің жағдайын жайлап әрекет ететін «бомбаға»  теңеп еді. Аймақ басшысы қала билігіне бұл проблеманы барлық ресурстарды іске қосып, шешуді тапсырды.
Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!

Пікір қосу