Көкшетауда онкологиялық орталық салынады

Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жыл сайын дүниежүзінде 10 миллионнан астам адам онкология дертіне  шалдығады екен. Ақмола облысы бойынша бұл көрсеткіш 1800 адамнан асады.

Қазіргі кезде, облыс орталығында жалғыз онкологиялық диспансер бар. Амбулаториялық және стационарлық науқастар осындағы бір ғана диагностикалық аппаратта тексерілуде. Тіпті кейбір науқастар амалсыздан толық тексерістен өту үшін көрші облыстарға баруға мәжбүр.

Сондықтан, бұл проблеманы шешу үшін және онкологиялық ауруларды алдын ала анықтау мақсатында республикалық бюджеттен 2 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Оған 150 келушіге арналған онкологиялық емхана салу көзделіп отыр.

«Жаңа емхананың ашылуы бұл дертті алдын ала анықтауға мүмкіндік береді. Ал, бұл өз кезегінде науқастардың өмірін ұзартуға септігін тигізеді», — деп түсіндірді Ақмола облыстық онкология ауруханасының бас дәрігерінің ұйымдастыру-әдістеме жұмыстары жөніндегі  орынбасары  Татьяна Зиновьева.

Бұл жобаны жүзеге асыру тұрғындарға сапалы, жоғары  деңгейде медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Ғимарат  4 қабаттан тұратын болады. Кешен заманауи медициналық құралдармен жабдықталады. Осының арқасында онкологиялық ауруларды алдын ала анықтауға және осы дерттен көз жұматын адамдардың санын азайтуға қолжеткізілмек.

Дереккөзkazinform.kz