Байқоңырдан «Союз-2.1A» зымыраны ұшырылды

Бұл туралы Ria.ru хабарлады.

Зымыран халықаралық ғарыш станциясындағы экипажға жанармай, сығымдалған газ, су, ғылыми құралдар, азық-түлік, киім-кешек, дәрі-дәрмек және жеке гигиеналық заттарды жеткізеді.

«Союз 2.1а» зымыран тасығышы әуелде 11 ақпанда ұшырылады деп жоспарланған болатын. Бірақ ұшыру 13 ақпанға шегерілген.

Зымыран қозғалтқыштары автоматты түрде өшіп қалғандықтан ұшырылмай қалған еді. Енді әуе кемесі станцияға екі тәулік өткеннен кейін, 15 ақпан күні 13.45-те жетеді деп жоспаоланған.